"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫРЫҚ ҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫРЫК КУДЫК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гуманитарлық ӘБ

        Бекітемін:

Мектеп директоры_________АхметвалиеваТ.Б

 

 

 

Гуманитарлық бірлестігінің жұмыс жоспары

2019-2020 оқу жылы

Өткізілетін іс-шаралардың атауы

Іс-шаралардың өткізілу түрі

Өткізілу мерзімі

Өткізуге жауапты адамдар

1

1)  2019-2020  жылындағы ӘБ жұмысына жұмысына талдау.

2)  2019-2020  оқу жылының ӘБ жұмыс жоспарын қарастыру.

3) Пән бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған күнтізбелік, факультатив, үйірме, қолданбалы курс жоспарларын қарау.

4)  Жаңа нормативтік құжаттармен танысу, талқылау (Білім стандарты, білім дамыту бағдарламасы).

5) Дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлау (олимпиадаға, ғылыми жұмысқа дайындық).

6) «Тілдер мерекесі» аясында өтетін шараларды бекіту.

Есеп беру

Жоспарлау

Қыркүйек

1 отырыс

 

Пән мұғалімдері

 

Бірлестік мүшелері

 

Бірлестік мүшелері

 

Бірлестік мүшелері

2

1)     «Латын әлипбі»

2) І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына талдау жасау.

3)  Мектепішілік олимпиада қорытындысын жасау. Қалалық пән олимпиадасына дайындық жұмысын талқылау.

4) Пән апталығының жоспарын жасау, талқылау.

5) Дәптер тексерудің сапасын бақылау (5-9 сынып).

Дөңгелек үстел

Қараша

2 отырыс

Тіл мамандары

3

1) «Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі».

2) І-ІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына талдау жасау (салыстырмалы мониторинг).

3) Пән апталығының қорытындысын талдау.

4) Қалалық олимпиада қорытындысын жасау.

 

Тәжірибе алмасу

Қаңтар

3 отырыс

Пән мұғалімдері

4

1) «Жаңа формациядағы  пән мұғалімдеріне қойылатын талаптар».

2) «Проблемалық оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру».

3) ІІІ-ІV тоқсан қорытындылары бойынша білім сапасына талдау жасау (салыстырмалы мониторинг).

 

Баяндама

 

Тәжірибе алмасу

 

 

Наурыз

4 отырыс

ӘБ жетекшісі

5

1) Пән мұғалімдерінің жылдық шығармашылық есебі.

2) ІІІ-ІV тоқсан қорытындылары бойынша білім сапасына талдау жасау (салыстырмалы мониторинг).

3) Пән бойынша емтихан билеттерін талқылау.

4) 2019-2020 оқу жылында өткізілген жұмыстарға  талдау жасау (бірлестік мүшелерінің рейтингін шығару).

5) Жаңа оқу жылының жоспарын құрастыру.

Есеп беру

 

Сәуір

5 отырыс

ӘБ жетекшісі

 

                                                        

                                        Гуманитарлық бірлестігінің жетекшісі: ЖавайАйбат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қырық құдық ауылы орта мектебі

 

 

 

 

 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе

 

 

Қатысушылар:     5-9 сыныптар

Дайындағандар: Тіл мұғалімдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 оқу жылы

Сайыстың шымылдығын музыка пәнінің мұғалімі Болат Риза мен Ержан Мұхаметжанның орындауында қабыл алыңыздар

 

          Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар!

Ақыл-ой ақындықтың киесі-Абай!

Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай!

Адалдық, ар ұяттың данышпаны

«Өлең-сөздің патшасы,  иесі -Абай»,- демекші бүгінгі өткізгелі отырған «Асыл сөзді іздесең,  Абайды оқы, ерінбе» атты Абайдың 175 жыл толуына орай дайындалған  іс- шарамызға, қош келдіңіздер!

 

          Абай-қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы.

          Сондықтан,  Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, абай жолымен жүріп, ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп, бүгінгі сайыстың қатысушыларын зор қошеметпен, ортаға шақырамыз.

1-топ: Абай ізбасарлары

2- топ: Әлем таныған ұлы- Абай

3- топ: Абай- Like

          Енді осы сайыскерлерімізге әділ бағасын анықтайтын қазылар алқасымен таныс болайық.

1.

2.

3.

Қазылар алқасы сайыскерлерімізді алдарыңызға берілген кесте бойынша бағалайсыздар. Ең жоғарғы ұпай 10, ортаңғы ұпай 7, төменгі ұпай 5.Тек тест мен мақалға 1 ұпайдан бересіздер.

          Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

 

  1. Таныстыру: (Әр топ өзінің тобының атын, ұранын, эмбламасын қорғап өтеді)
  2. Абай- әлемі (тест)
  3. Құлақтан кіріп  бойды алар (Абайдың бір әнін орындау)
  4. Болмасаң да ұқсап бақ ( аударма немесе қара сөздерінен сах.көрініс)
  5. Абай айтқан асылдар ( Абайдың мақалдарынан аяқталмаған тезис )
  6. Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы ( табиғат лирикасынан сурет)
  7. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін  (эстафета)
  8. Кім шебер  «Абайға- 175 жыл» (қолөнер)

Барлық қатысушыларымызға сәт сапар тілеп, сайысымызды бастаймыз!

                         

 

                            І-кезең: Таныстыру

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім? – дей келе алғашқы «Таныстыру»кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер.

 

                            ІІ-кезең: Абай- әлемі   

Ақынның ата-қоныс жері қандай?

Ата-баба,әулиеті, тегі қандай?

Ақынды тебіренткен, күңіренткен

Ұшқан ұя,ортасы, елі қандай?-дей келе, сайысымыздың бірінші  «Абай әлемі» атты кезеңі бойынша сұрақтарға жауап береміз.

             

              Әр топқа  15 сұрақ оқылады, 1 сұраққа 1 ұпай беріледі.

1 . Абай қай жерде дүниеге келген?

(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тауының бөктерінде)

2. Абай қай күні, қай жылы туылған?

(1845 жылы 10 тамызда)

3. Абайдың руы, қандай ортадан шыққан?

( Орта жүз, Арғын тайпасы, Тобықты руы)

4. Абайдың шын аты? (Ибраһим)

5.Абайдың әкесінің аты кім?

(Құнанбай Өскенбаев)

6.Әжесінің аты кім? (Зере)

7. Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан Асанова)

8.Абай неше жасқа дейін оқыған? (13)

9. Абай кім? (Ақын,сазгер, аудармашы, жазушы, қоғам кайраткері, шешен, болыс, философ, композитор )

10.Абайдың әйелдері ( Еркежан, Ділдә, Айгерім)

11. Абайдың балаларының есімі (Ақылбай, Әкімбай, Мехайл, Ізхайл, Әбдірахман, Кенже, Күлбадан, Райхан.)

12. Абай шығармасы  неше жүйеден тұрады және қандай? (3, өз өлеңі, қара сөзі, аудармасы)

13. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі»).
14.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі»)
15. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (27 шығарма аударған)

 

1. Абайдың әжесінің және шешесінің атын ата.( Зере, Ұлжан.)
2.  Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
3.  «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп айтып өткен кім?( Ахмет Байтұрсынов).
4.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
5.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

6. Айгерімнен туған балалары: (Тұрағұл, Мехайл, Ізхайл, Кенже)

7. Абай қарасөздерін қай жылдары жазды? (1890- 1898)

8. Абай өлең жазуды неше жасында бастаған? (10)

9. Абай әкесінің неше жасында дүниеге келді? (41)

10. Абайдың екі шешесінің еркелетіп қойған аты кім? (Телқара)

11. Абайды сүннетке неше жасында отырғызды? (8ден-9 қарағанда)

12. Абайды әкесі неше жасында және қай қалаға оқуға жіберді? (10жас)

13. Абай қай медреседен білім алды? (Ахмет- Риза)

14. Құдай мен адам арасындағы қарым –қатынас жайлы пікірталас Абайдың қай қарасөзінде айтылған (27-28 қарасөзі)

15. Абай Ахмет Риза медресесінде неше жыл оқыған? (4)

 

 

1. Абайдың орысша оқыған мектебі ( Семей қаласы, Приходская школа)

2. Ақыл, қайрат, жүрек туралы қай қара сөзінде айтылған ( 17)

3. «Ғылым таппай мақтанб» өлеңі неше жолдан тұрады (77 )

4. Абайдың қайтқан жылы мен күні ( 1904 жылы, 6- шілде)

5. Ділдадан туған балалары ( Ақылбай, Хакімбай, Әбдахман, Мағауия күлбадан, Райхан)

6.Өлең сөздің патшасы, сөз- сарасы өлеңі нешінші жылы жазылды? (1887 жыл)

7.Абайдың 100жылдық мерейтойы қай жылы тойланды (1945жылы)

8. Абайдың сүйікті інісі кім? (Оспан)

9. «Жас бала туғанда екі түрлі мінезбен туады» деп басталатын Абайдың нешінші қара сөзі? (7 ші)

10. Бірінші қара сөзінің мағынасы ( ел бағу, мал, ғылым, софылық, балаларды бағу)

11. Он бірінші сөзіндегі екі қылықты ата (ұрлық пен бұзақылық)

12.  Семей қаласында алғаш танысқан орыс жазушысы ( Михаэлис)

13. Ғылым таппай өлеңіндегі 5 жақсы, 5 жаманды ата ( талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым, еріншек, мал шашу, өтірік, өсек, мақтаншақ)

14. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңді жалғастыр

15. Поэмаларын ата ( Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі)

 

                 ІІІ- кезең: «Құлақтан кіріп бойды алар»

 

 

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыздың сазды әсем әндеріне кезек береміз. Мұнда қатысушы топтардың Абай әндерін қаншалықты ырғағына келтіріп орындайды және сахналық шеберлігіне назар аударамыз. Үш топтың  әнінің куәгері болайық!

 

  1. «Көзімнің қарасы»
  2. «Желсіз түнде жарық ай»
  3. «Сегіз аяқ»

 

                 ІҮ- кезең  «Болмасаң да ұқсап бақ»

 

Жырларында тұнып тұрған ұлылық,

Жабырқасам жаңға құяр жылылық.

Абай деген-жұмбақ әлем, биік шың,

Болғаным жоқ әлі өзіңді ұғынып.    

          Келесі кезең «Болмасаң да ұқсап бақ» кезеңі. Онда сайыскерлер Абайдың аудармалары мен қара сөзінен сахналық көрініс көрсетеді. Актерлық шеберліктері мен ойнау шеберлігіне назар аударамыз

 

                     V- кезең:  «Абай айтқан асылдар»

 

Асыл сөзді іздесең,

Абай оқы ,ерінбе!

Адамдықты көздесең

Жаттап тоқы көңілге,- деп С.Торайғыров жырлағандай, сайысымыздың  «Абай айтқан асылдар» деп аталатын 5-ші кезеңімізді бастаймыз.

          Яғни, бұл кезеңімізде сайыскерлеріміз Абайдың  нақыл сөздерінің жалғасын табады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріп отырамыз.

 

І-топ:

Сенде бір кірпіш дүниеге    ******* (Кетігін тап та , бар қалан)

Білімдіден шыққан сөз*********** (Талаптыға болсын кез)

Атаңның баласы болма,*********** (Адамның баласы бол)

Талап ,еңбек, терең ой ***********(Қанағат рахым,ойлап қой)

Досы жоқпен сырлас************ (Досы көппен сыйлас)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті***** (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

Өткірдің жүзі, кестенің бізі *************(Өрнегін сендей сала алмас)

Алаған қолым************береген

 Жол қуған қазынаға жолығар*******дау қуған пәлеге жолығар

Өзіне ар тұтқан**************жаттан зар тұтады

 

ІІ-топ:

Толғауы тоқсан қызыл тіл *************(Сөйлеймін десең өзің біл)

Еңбек қылсаң ерінбей**************** (Тояды қарның тіленбей)

Әсемпаз болма әрнеге ****************(Өнерпез болсаң арқалан)

  Адал жүріп,                    **************адал тұр.

Адам баласына адам баласының бәрі         *****************дос.

Адамзат — бүгін адам, ертең ******************топырақ.

Асығыс түбі -                                   *************** өкініш.

Жарлы болсаң,************арлы болма.

Ағайынның азары болсада*****безері болмайды

Білгенге маржан**********білмеске арзан

 

ІІІ-топ:

Түстік өмірің болса,************** күндік мал жи»

«Малдының беті - жарық,********** малсыздың беті - шарық»,

«Ер азығы мен бөрі азығы *****************жолда»

«Алаған қолым -************************* береген»

 «Қарның ашса,************************ қаралы үйге шап»,

«Қайраны жоқ көлден без,************** қайыры жоқ елден без»
 Өнер алды - бірлік, *****************ырыс алды - тірлік
Ұят кімде болса,*******************иман  сонда .

Пайдасыз ақыл**********байлаусыз тақыл

Біріңді қазақ, бірің дос*************көрмесең істің бәрі бос

 

              VІ-кезең: «Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы»

 

          Абай «Ақ киімді, денелі ақ сақалды», «Сұры бұлт түсі суық қаптайды аспан», «Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы» деп басталатын табиғат лирикасы туралы өлеңдері сіздердің алдарыңызға ұсынылады. Кімге қай өлең келсе, сол өлеңді бейнелеп,  плакатқа түсіреміз

             

                  VІІ- кезең: « Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

 

Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
          Әр топ басшылары Абай өлеңдерін бастап, кезекпен қатысушыларына өлең жалғасын ұсынады. Топтағы қатысушылар жаппай қатысуы керек.

 

VІІІ- кезең  Кім шебер

 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнге тілдескен кім?


 

Бұл кезеңде әр топқа күріш, грешка, тары беріледі. Қағаз бетіне «Абайға -175 жыл» деген сөзді жазу арқылы,  өз шеберліктеріңізді танытасыздар.

Сонымен бүгін сайыс өз мәресіне жетті. Сайыскерлерімізді  бағалап отырған, қазылар алқасына сөз  кезегін береміз. Сайыс болғасын жеңісте бер, жеңілуде бар. Бізше барлықтарыңыз жеңімпазсыздар.

 

  1. Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім?» өлеңімен аяқтағым келеді.
     

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам.

          Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймыз. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық. Бүгінгі Абайдың 175-жылдығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты сайысымызда белсене қатысқан қатысушыларға ризашылығымызды білдіре отырып, сайысымызды жабық деп жариялаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қырық құдық ауыл орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Сынып сағаты:

Көңілім әнді ұғады

 

 

 

 

Жауапты: Жавай А

 

 

 

 

 

2019-2020жылы

Тақырыбы: «Көңілім әнді ұғады»атты сынып сағат
Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.

Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотосуреттер, ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі.

І-жүргізуші:-Қайырлы күн,құрметті қауым!
ІІ-жүргізуші:-Бүгін осы кішкене залда қазақ сахарасының өзендей алып,өзендей ұлы ғажайып таланттың иесі,қасиетті де, аруақты әлем әдебиетінің жарық жұлдызы-Абай туралы сыр шертпекпіз.
І-жүргізуші:-Қай елдің болса да,тәңірдей табынып,құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой.Абайдың сөзі-халқымыздың,ұлтымыздың ұраны.Абай-алты алаштың,иісі қазақтың пайғамбары.
ІІ-жүргізуші: Бүгінгі сәулелі мезетте біз ұлы тұлғамыз-Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған кезекті «Абай оқулары» әдеби-монтажды сыр мен сезім жарысына жиналып отырмыз.
І-жүргізуші:-Мектепішілік «Абай оқулары» 3 кезеңнен тұрады. Байқаудың кезеңдерімен таныс болайық.

ІІ-жүргізуші: І-кезең: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы». Бұл кезеңде Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа оқу қажет;
І-жүргізушіІІ-кезең: «Көңілім әнді ұғады» -Абайдың әндеріy орындау сайысы;
ІІ-жүргізуші: ІІІ-кезең: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар сайысы.(Өз шығармаларын орындау).
І-жүргізуші:-Сайыскерлердің Абай шығармаларын қаншалықты сезіне алатындығын талқыға салатын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.
ІІ-жүргізуші – Ербол Аяжан 9- сынып оқушысы

ІІ-жүргізуші – Ержан Аягөз 9- сынып оқушысы




І-жүргізуші«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысына 4 талапкеріміз;

ІІ-жүргізуші: «Көңілім әнді ұғады» сайысына 4 талапкеріміз;
І-жүргізуші«Жүйріктен жүйрік озар,жарысқанда» жас дарындылар сайысына 4 талапкеріміз бағын сынамақ.
ІІ-жүргізуші: Талапкерлерге сәттілік тілейміз!
І-жүргізуші Сайысымыздың беташарын «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясы бойынша 9 «А » сыныбының оқушысы ашады.

ІІ-жүргізуші: Әділ қазылар алқасынан 1- ші сайыскеріміздің ұпайларын көрсетуді өтінеміз.
І-жүргізуші –

Ақынсың,данасың

Қазаққа панасың.

Елім деп,жерім деп,

Өткен бір данасың,-дей отырып,І-номинация бойынша өнер көрсететін келесі сайыскерімізді шақырамыз.



ІІ-жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыскердің ұпайларын көрсетулеріңізді сұраймыз.

І-жүргізуші: Өтер айлар,өтер жылдар,ғасырлар

Ұмытылмас өзің сынды асылдар.

Ойы ұшқыр,сөз қадірін түсінер,

Ұрпақтарың өздеріңе бас ұрар.


ІІ-жүргізуші::- Құрметті қауым,келесі сайыскерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.
І-жүргізуші:-Өлең, жырын қазағына арнаған,

Елдің қамын тебірентіп толғаған.

Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан,

Бұл заманда Абай сынды бар ма адам?!

«Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» кезеңінің талапкерін қошеметпен қарсы алайық.

І-жүргізуші: Әділқазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.



ІІ-жүргізуші:
І-жүргізуші:-Иә,бүгін сахнада өнер көрсетіп жатқан сайыскерлеріміз Абай шығармаларын келесі ұрпаққа таза күйінде жеткізетіндігі хақ.Сонда ұлы Абай қазақ сахарасында мәңгілікке ғұмыр кешпек.
ІІ-жүргізуші: Абай атамыз сияқты қазақ әдебиетін дүр сілкіндірген Мұхтар Омарханұлын атамай өткеніміз әділдікке жатпас еді.
І-жүргізуші:Абайдың бар болмысын кейінгі ұрпаққа шынайы қалпында жеткізген Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы әлем әдебиетінің таңдайын қақтырды.
ІІ-жүргізуші: Абай атамыз қазақ сахарасының бұлаңдап өскен еркесі еді.Құнанбай мен Ұлжандай ақыл иелерінен туған, Зередей дана анадан тәлім мен тәрбие алған Абай атамыз дана болмағанда кім дана болмақ.
І-жүргізуші:-Әлем жұртшылығына Абай атамыз ақындық жағынан ғана емес,композиторлық жағынан да танылған.Сахнада 7«Б» сынып оқушысының орындауында ән.

ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші:Жас ұрпақ үшін Абай өнегенің,өнердің,әділеттің,адамгершіліктің,адам ұлы бола білудің,халық үшін күресудің үлгісі дей отырып,сахнаға келесі сайыскерімізді шақырамыз.

ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші Оу, ұлы бабам,атыңнан айналайын,Абай атам біз сіздің шөбереңізбіз. Бүгін сіз туралы тебіреніп,толғанып,сіздің дара тұлғаңыз,біздерге қалдырған қасиетті мұраңыз жайлы сыр шертпекпіз.

Келесі сайыскерімізді ортаға шақырамыз.



ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші:Қабыл ал,жас өркендеріңді,ақ батаңды бер,аруақты бабам!

Келесі сайыскерімізді ортаға шақырамыз .



ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші:Абайдың өз басы,ой-санасы,ұғым-нанымы,жалпы ішкі дүниесі де,әрине бір орында қалып қойған жоқ.Үздіксіз өзгеру,өрбу,жаңғыру,жаңару үстінде.

ІІ-жүргізуші: Абай халықты надандықтан алып шығудың бірден-бір жолы оқу,өнер деп білді.Оның осы тақырыпқа жазған бірнеше өлеңдері ақынның ағартушылық,адамгершілік көзқарасын ерекше танытқандай.

І-жүргізуші -Тумысынан зерек,қабілетті,өнерлі жігіт оттай жанып,шоқтай маздап,әке сынынан сүрінбей өтеді.Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым,жақсы атақ қалып отырады.

ІІ-жүргізуші: Абайдың ақындық,композиторлық мұрасы,ағартушылық еңбегі қазақ халқының мәдени тарихының ажырамас бөлігіне айналып,музыкалық жанрды дамытуға жол салды.
І-жүргізуші Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Сахнада  8«А» сынып оқушысы .

ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші: Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес, даналық сөздер. Қара сөздерінің жалпы саны елуге жақын. Өзінің көзқарасы мен дүниетанымын қара сөзбен кейінгілерге қалдырып кетті.7,19,31- ші сөздерінде оқу- білім, оны игеру жөніндегі ой- пікірлерін ортаға салды. Сахнада  6«А» сынып оқушысы .

ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынансайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді.

Сахнаға келесі сайыскерімізді ортаға шақырамыз.



ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Аянның ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші Абай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын асыл мұрасы.Кеудесіндегі жүрегі «Мен қазақпын» деп соғатын еліміздің әр азаматы Абай шығармаларын оқып,біліп сезінуге міндетті.

Сахнада келесі сайыскеріміз.



ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші Абайды танып білу,оның шығармаларымен сусындап өскен өрендер өмір атты асау ағысты дұрыс бағытта сүре алатыны шындық.. Ал біздің жас өрендер Абайды оқып қана қоймай,ұлы тұлғаға өз шығармаларын арнап та үлгерген.Осындай жас таланттың бірі, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінің үміткері - Мурзагалиева Аиданы қошеметпен қарсы алайық..

ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Аиданың ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші:-Қазір біздің тәуелсіз мемлекетімізде «Абайтану» жеке бір сала,жеке бір ғылым.Осы салада еңбек етіп жүргек өрендеріміз баршылық.Осындай бастау біздің мектептің оқушыларынан да байқалып жүр. Сахнаға жас ақынымыз «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінің үміткерін ортаға шақырамыз шақырамыз.

ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскеріміздің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші: Құрметті қауым,

ІІ-жүргізуші: Өнер сүйер жас ұрпақтар,

І-жүргізуші: Абайдың шығармашылығын шәкірт санасына құйып жатқан қадірлі де,сүйікті ұстаздарымыз

ІІ-жүргізуші: Бүгінгі «Мектепішілік Абай оқулары» сайысымыз мәресіне жетті

І-жүргізуші: Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген тілек айта отырып.
ІІ-жүргізуші:

Өткізілген байқау қорытындысын жариялау үшін, әділқазылар алқасының мүшелерін ортаға шақырамыз.
І-жүргізуші:

Кешіміздің тыңдаушысы болғандарыңызға көптен – көп рақмет.

Сау – саламат болыңыздар.

ІІ-жүргізуші: Көріскенше күн жақсы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 18.05.2020 19:52
Құрылған күні: 18.05.2020 19:52

Текст