"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кырык кудык отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Модифицированный тест для определения способностей обучающихся по теории множественного числа г. Гарднера

Г.Гарднердің көптік зият теориясына сәйкес білім алушылардың қабілеттілікті анықтау үшін модификацияланған тесті әзірленді. Гарднердің көптік зият теориясына сай қабілеттілікті анықтау тесті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» психологтері құрастырып, 2012 жылдан бері тәжірибеде қолданылып келеді.

  Тестті қолдану нұсқаулығы:  Тест үш бөлімнен тұрады. 1-бөлімде тест берілген. Тест 13 секцияға бөлінген. Әр секцияда 10 тұжырым берілген. Егер берілген тұжырыммен келіссеңіз «1», келіспесеңіз бос қалдыру қажет.

Тест қорытындысы:

Тест қорытындысын есептеу 2-бөлімде берілген кестеге сәйкес анықталады. Барлық тұжырымды мұқият оқып танысып болған соң, әр секция бойынша сандарды қосып нәтижені 10 санына көбейту қажет. Нәтижені 3-бөлімде берілген кестеге түсіруге болады. Басым секцияға сәйкес қабілеттілік сипаты анықталады.  Қабілеттілік көрсеткіші 3-бөлімнің кілтінде көрсетілген.

 

Г.Гарднердің көптік зият теориясына сәйкес білім алушылардың қабілеттілікті анықтау үшін модификацияланған тест

Аты-жөні ___________________________                               Сыныбы ____________________

I бөлім  

Сізді сипаттайтын нақты пікірдің жанына  “1”  санын қоя отырып, әр секцияны толтырыңыз. Егер пікірдің сізге қатысы болмаса орынды бос қалдырыңыз. Содан кейін әр секциядағы ұпайларды санаңыз.

 

1- секция

___  Маған заттар мен нәрселерді жалпы сипаттарына және белгілеріне сай реттеген ұнайды.

___ Экологиялық мәселелер мен үшін өте маңызды.

___ Мен өзіме «Мен кіммін? Не үшін өмір сүремін?» деген сияқты сауалдарды жиі қоямын.     

___ Маған саяжайда немесе бақшада жұмыс істеген ұнайды.

___Менің ойымша, табиғатты қорғауға көп көңіл бөлу керек сияқты.

___ Мен өзімді Табиғаттың бір бөлігі ретінде сезінемін.

___ Мен жан -жануарларды жақсы көремін.

___ Мен қоршаған ортаның эмоционалды жағдайындағы өзгерістерге сезімталдықпен қараймын.

___ Мен өлі және тірі табиғатпен де рухани байланысты сезінемін.

___ Мен тіпті көзге көрінбейтін айырмашылықты таба аламын.

_____1-секция үшін барлығы: ___

5 -секция

___ Мен практикада көбірек үйренемін.

___ Маған барлығын өз қолыммен істеген ұнайды.

___ Мен әуенді естігенде билегім келеді.

___Мен әңгіме кезінде қимылдарды немесе қарым-қатынастың вербалды емес  түрін қолданамын.

___ Түсіндіріп немесе айтып бергенге қарағанда көрсету мен  таныстырған жақсы.

___ Мен өз қолыммен бір нәрселер істегенді ұнатамын: тігу, шеберлік, жөндеу.

___ Маған құралдармен жұмыс істеген ұнайды.

___ Мен жұмыссыз отыра алмаймын.

___ Маған тәжірбиелік іс -әрекет қызықтырақ.

___ Мен белсенді өмір салтын жүргіземін.

 

 

 

 

 

 

5-секция үшін барлығы _____

2екция

___ Мен үлгі бойынша жылдам табамын.

___ Мен дыбыс пен шуға жылдам назар аударамын.

___ Мен үшін ырғаққа салу жеңіл.

___ Маған әуен шығару ұнайды.

___ Мен өлеңдердің ұйқасын айырамын және түсінемін.

___ Мен өлең сөздерін ұйқастыра отырып, есімде сақтай аламын.

___ Мен үшін шулы ортада зейінімді шоғырландыру өте қиын.

___ Табиғаттың дыбыстары менің жанымды жібітеді.

___ Мені драмалық қойылымнан гөрі мюзикл қызықтырады.

___ Мен әннің сөздерін жылдам жаттаймын.

 

 

2-секция үшін барлығы  _____

6- секция 

___ Маған шет тілдері қызықты.

___ Маған кітап, журналдар оқыған және веб-сайтарды қараған ұнайды.

___ Мен күнделік жүргіземін.

___ Мен сөзжұмбақ шешкенді ұнатамын.

___ Мен бір нәрсені есте сақтау үшін, түртіп қоямын.

___ Мен достарыммен хат арқылы және электронды пошта арқылы қатынас жасаймын.

___ Мен өз ойымды басқаларға оңай жеткізе аламын.

___ Мен ләззат алу үшін өлеңдер (әңгімелер) жазамын.

___ Каламбурлар, анаграммалар және бас қатырғыштар - өте қызықты жаттығулар.

___ Маған көпшіліктің алдына шығып сөйлеу және дебаттарға қатысу ұнайды.

 

6-секция үшін барлығы _____

3- секция

___ Мен ұқыптымын және барлық нәрседе тәртіп болғанын қалаймын.

___ Кезең-кезеңмен жоспарлау  -  жұмыста  және оқуда өте үлкен көмек.

___ Мен мәселенің шешімін жылдам табамын.

___ Маған жинақы емес адамдар ұнамайды.

___ Мен ойша тез санай аламын.

___ Маған логикалық бас қатырғыштарды шешу ұнайды.

___ Мен алдымен жинақыланбай, тапсырманы орындауға кірісе алмаймын. 

___ Құрылымдау – жақсы дүние.

___ Мен дұрыс істемей тұрған заттарды жөндегенді ұнатамын.

___ Заттардың мен үшін мәні болу керек, немесе мен қанағаттанбайтын боламын.

 

 

 

3-секция үшін барлығы ________

7 -секция

___ Менің оқуым пәнге деген қатынасыма тәуелді.

___ Мен басқаларға көмектескенді ұнатамын.

___ Мен өзімнің  адами принциптерімді нақты түсінемін.

___ Маған егер пән ұнаса, онда мен сол пәнді өте жақсы оқимын.

___ Әділеттілік - мен үшін өте маңызды.

___ Мені әлеуметтілік әділеттілік мәселесі алаңдатады.

___ Мен үшін өзіндік жұмыс та, топта жұмыс істеу секілді тиімді бола  алады.

 ___ Бір нәрсені бастамас бұрын, алдымен мен не үшін істеу керектігін білуім қажет.

___ Мен егер бір нәрсеге сенсем мен барлық күш-жігерімді осыған бағыттаймын.

___ Мен қатемді түзету үшін өз ойымды ашық айта аламын.

 

7-секция үшін барлығы _____

4 -секция

___ Мен командада жұмыс істеп үлкен жетістіктерге жетемін.

 ___ Маған ресми емес әңгімелер де, маңызды пікірталастарда ұнайды.

 ___ Мен ұжымда жұмыс істегенді ұнатамын.

___ Мен өз құрбыларым мен достарымның арасында көшбасшы ретінде жиі шығамын.

___ Маған топпен бірге оқу тиімдірек.

___ Топта жұмыс істей отырып, мен топтың басқа мүшелері туралы ойлаймын.

___ Мен үшін достарым өте маңызды.

___Мен екіден көп клубтардың немесе ұйымдардың мүшесі болып табыламын (спорттық, қызығушылығым бойынша).

___Маған жалғыз жұмыс істеген ұнамайды.

___Маған демалыс күндерімді отбасыммен өткізген ұнайды.

 

 

 

 

4-секция үшін барлығы _____

8 -секция

___ Маған бөлмемдегі заттардың орнын ауыстыру немесе интерьер жасаған ұнайды.

___ Мен өз өнер туындыларымды жасағанды ұнатамын.

__ Мен графикалық бейнелерді пайдаланғанда ғана есте жақсы сақтаймын.

___ Маған БАҚ- тың барлық ойын- сауық түрлері ұнайды.

___ Графиктер, диаграммалар және кестелер маған мәліметтерді түсіндіруге көмектеседі.

___ Музыкалық бейнебаян менің әнге деген қызығушылығымды оятуы мүмкін.

___  Егер маған бір нәрсені есіме түсіру керек болса, мен алдымен қиялымда осы заттың бейнесін қайта жаңғыртамын.

___ Мен карталар мен  жобаларды жақсы айырамын.

___ Мен дүниені үш қырынан қарастырамын.

___ Мен өз ойымды ойша миымда нақты елестете аламын.

 

8--секция үшін барлығы ______

9- секция

___ Мен музыкаға сөз құрастырғанды ұнатамын.

___ Мен сөздерді ұйқастыра отырып, есімде сақтаймын.

___Менің өлеңдерін қайта-қайта оқығанды ұнататын ақындарым бар.

 ___ Мен әңгіме айтқанда және хат жазғанда қанатты сөздерді және нақыл сөздерді қолданамын.

 ___ Маған сөз ұйқастарын табу ұнайды.

___ Мен оқиғалар құрастырғанды ұнатамын.

___ Маған оқиғаларды өлең түрінде айтқан ұнайды.

___ Мен өлеңді оқыған кезде жан тәнімен берілу керек деп санаймын.

___Маған ақын кештері мен сайыстарына қатысқан ұнайды.

___ Мен аз сөзді пайдаланып, бір нәрсені сипаттай аламын.

 

9-секция үшін барлығы _____

10 -секция

___ Маған концерттер мен спектаклдерді талдаған ұнайды.

___ Мен адамдармен жұмыс істегенді ұнатамын.

___Маған әртүрлі театрландырылған қойылымдарда, тамашаларда ойнаған ұнайды.

___ Мен әрқашан басқалардың маған назар аударғанын ұнатамын.

___  Мен өзімді басқа бейнеде оңай көрсете аламын.

___ Маған әдемі және жарқын киінген ұнайды.

___ Мен біреулердің әңгімесін «сөзбе сөз» есімде сақтай аламын.

___ Мен әртістерге пародия жасағанды ұнатамын.

___ Мен тіпті алғаш рет болып отырған ортада да өзімді жайлы сезіне аламын.

___ Мен өз қолыммен нәрселер жасағанды ұнатамын.

 

10-секция үшін барлығы__________

11 -секция

___Бала кезімде мен тамақ пісіруге көмектесем деп анамның мезісін шығарыппын.

___ Мен өзім тамақтың жаңа рецептін жиі ойдан шығарамын.

___ Маған тамақтың жаңа түрін шығару үшін, әртүрлі азық- түлікті қосқан ұнайды.

___ Маған тамақ істеу үрдісінің өзі керемет сезім береді.

___Маған тағамның эстетикалық рәсімделуі  өте маңызды.

___ Мен аспаздық теле бағдарламаларды жиі көремін.

___Мен барлық туыстарым мен жақындарымның жақсы көретін тағамдарын білемін.

___ Мен тамақты жақсы көңіл- күймен барынша беріле отырып пісіру керек деп санаймын.

___ Мен дәмдеуіштерді дәмі және иісі бойынша айыра аламын.

___ Маған қонаққа туыстарым немесе достарым келсе, оларды жылы шыраймен қарсы аламын.

 

11--секция үшін барлығы______

12- секция

___ Мен демалыс белсенді болу керек деп санаймын.

___ Мен жаяу жүргенді ұнатамын.

___ Спорт – менің өмірімнің бір бөлігі.

___ Мен спорттық сайыстар мен секциялардың қатысушысымын. 

___ Маған спорттық ойындар мен жарыстар, эстафеталар ұнайды.

___ Мен шыныққан, шыдамды адаммын.

___ Бала кезімде шапшаң ойындарды ұнататынмын.

___ Менің спорт әлемінде табынушым бар.

___ Мен киімнің спорттық стилін құптаймын.

___ Мен аптасына 4 рет спорттың қандай да бір түрімен айналысамын (жүгіремін, волейбол, баскетбол, теннис ойнаймын және т.б.).

 

 

 

 

 

 12-секция үшін барлығы_______

13 -секция

__ Мен  шахмат ойнағанды ұнатамын. 

___ Мен гуманитарлық пәндерден гөрі нақты пәндерді ұнатамын (математиканы, физика).

__Мен формулаларды, шартты белгілерді жылдам есімде сақтаймын.

___ Мен қарым- қатынас үшін немесе хат алысу үшін өз шифрымды құрдым.

___ Мен математикалық  функциялардан ғажап дүние көрдім.

___ Мені физикалық құбылыстардың табиғаты мен әлемнің құрылу тарихы қызықтырады.

___ Мен өз болашағымды нақты ғылымдармен байланыстырғым келеді.

___ Мен бұрынғы математикалық ғылыми концепциялардың қалай дамығанын білгім келеді.

___ Маған ғылыми зерттеушілік сипаттағы іс-шараларға қатысу мен эксперимент өткізу ұнайды.

___ Мен ғылыми журналдар мен кітаптарды оқығанды ұнатамын.

 

13-секция үшін барлығы ____

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім

Енді әр секцияның нәтижелерін формаға салып 10- ға көбейтіңіз:

 

Секция

Барлық ұпай 

Көбейту

Қорытынды ұпай

1

 

х10

 

2

 

х10

 

3

 

х10

 

4

 

х10

 

5

 

х10

 

6

 

х10

 

7

 

х10

 

8

 

х10

 

9

 

х10

 

10

 

х10

 

11

 

х10

 

12

 

х10

 

13

 

х10

 

 

 

 

 

 

III бөлім

Шыққан нәтижені төменде берілген кестеге түсіріңіз.

100

               

 

 

 

 

 

90

               

 

 

 

 

 

80

               

 

 

 

 

 

 70

               

 

 

 

 

 

60

               

 

 

 

 

 

50

               

 

 

 

 

 

40

               

 

 

 

 

 

30

               

 

 

 

 

 

20

               

 

 

 

 

 

10

               

 

 

 

 

 

0

1-секция

2-секция

3-секция

4-секция

5-секция

6-секция

7-секция

8-секция

9-секция

10-секция

11-секция

12-секция

13-секция

 

 

Кілті:

 

Әр секция бойынша қабілеттілік

Сипаты

1 -секция - сіздің натуралистік қабілетіңізді сипаттайды

  • Тірі  ағзалар ортасына бағытталады (өсімдік, жан-жануарлар)
  • Табиғат  әлемінің басқа көріністеріне деген сезімталдыққа ие (бұлт, жартастардың орналасуы).
  • Табиғат құралдары арқылы оқуға қабілетті
  • Табиғатпен байланысты жобалармен жұмыстан ләззат алады.
  • Экологияны, табиғатты, өсімдіктерді және жануарларды зерттегенді жақсы көреді.
  • Қоршаған орта мен Дүниедегі өз орнының байланысын көреді

2 -секция  –сіздің музыкалық қабілетіңізді сипаттайды

  • Дыбыстық сезімге немесе оған эмоционалды жауап қайтару қабілеті тән.
  • Әуенді түсініп қабылдауға қабілетті (музыканың жанкүйері сияқты).
  • Тануға қабілетті (музыка сыншысы сияқты).
  • Трансформациялауға қабілетті  (композитор сияқты).
  • Айтуға қабілетті (орындаушылық, әнді орындау).
  • Оқушылардың өздерінің музыка туралы білімдерін арттыру арқылы олар осы ақыл-ой түрінің негізін дамытады.  Осы ақыл-ойдың ары қарай дамуы оқушылардың неғұрлым күрделі және  нақты музыкалық үлгілерді жасауы, музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын дамытқан және неғұрлым күрделі композицияларға ауысқан кезде ғана жүзеге асады

3 -секция – сіздің логикалық  қабілетіңізді сипаттайды

  • Индуктивті және дедуктивті ой-пікірді қолданады. 
  • Абстрактілі мәселелерді шешеді.
  • Өзара байланысты  концепцияларды, ойларды және заттардың күрделі қатынастарын түсінеді.
  • Маңыздыны жіктей, болжай, бөле алады. 
  • Ой-пікір жасау дағдылары көптеген салаларда  қолданылады, және жаратылыстану, қоғам, әдебиет және басқа салалардағы логикалыық ойлауды қолдануды өзіне кіргізеді.
  • Балалар аталған ақыл-ойды нақты заттармен жұмыс кезінде және санау мен жеке дара қатынастар концепциясын игеру барысында дамытады

4 -секция – сіздің тұлғааралық қабілетіңізді сипаттайды

  • Басқа адамдардың  көңіл-күйін, ниетін, сезімін және түркілерін жылдам таниды.
  • Бет әлпеттің көрінісіне, дауысқа және қимылға сезімталдықпен қарайды.
  • әртүрлі жеке тұлғалық сигналдарды тануға және осы сигналдарға нақты жауап қайтаруға қабілетті.
  • Сенуге, сыйлауға қабілетті.
  • Өзара тиімді мақсатқа жетуге басқаларды басқаруға және түрткілеуге қабілетті

5 -секция – сіздің моторлы- қозғалыс қабілетіңізді сипаттайды

  • Өз денесін түсінеді.
  • Қозғалыстарын бақылайды және қорытындылайды, физикалық денелерді басқарады
  • Дене мен сананың үйлесімін анықтайды.
  • Мәселені шешу  немесе бір нәрсе жасау үшін өз денесін немесе дене бөліктерін– қолын, саусағын, буындарын қолданады.
  • Ширақ, күшті, икемді, жақсы сезу қабілеттері бар.
  • Ол тек спортшыға ғана тән емес, мысалы, оташыға күрделі ота жасау үшін немесе штурманға күрделі құралдармен жұмыс жасау үшін де осындай қажетті дағдылар тән болуы тиіс. Көрнекі мысалдар ретінде жеңіл атлетикамен айналысатын немесе театралды өнермен айналысатын адамдарды – биші, актер, мимдарды келтіруге болады

6- секция – сіздің вербалды лингвистикалық қабілетіңізді сипаттайды

  • Оқуды, жазуды, оқиғаларды айтқанды жақсы көреді және сөз ойындарынан рақат алады.
  • Сөздік қоры бай, тілді орынды қолданады: тілдің құрылымы мен ережелерін (өз ойын тиімді жеткізу үшін нақты пікірлер келтіру), тіл дыбыстарын (рифма пайдалану), тілдің мағынасын (ойдың екі түрлі мағынаны беруін түсіну); пікір білдіру құралы ретіндегі тілді қолданады (риторика); ақпаратты есте сақтау үшін тілді қолданады(мнемониканы қолдану); түсіндіру үшін тілді қолданады (нақты түсіндіру); өзі туралы әңгімелеу үшін тілді қолданады (мета-тіл).
  • Сөздерді  ауызша сөйлеуде (бағдарлама жүргізушісі, оратор, саясаткер, әңгімелеуші), жазбаша түрде (тілші, драматург, редактор) тиімді пайдаланады

7 -секция – сіздің ішкі жеке тұлғалық қабілетіңізді сипаттайды

  • Өзін нақты қабылдайды – жеке артықшылықтары мен кемшіліктерін нақты  біледі.
  • Ішкі көңіл-күйін, ниетін, сезімін, түрткілерін, темпераментін және тілегін  саналы түрде ескереді.
  • Өзіндік тәртіпке, өзіндік түсінікке және өзіндік бағалауға қабілетті.

Өз әрекеттері мен қылықтарын ойластыруға жәнеөзіндік баға беру мүмкіндігі болса, өзін жақсы сезінеді.

  • Өзбетінше жұмыс ісегенді қалайды.
  • Өз мақсаттарына жетуді жақсы көреді

8 -секция – сіздің визуалды кеңістікті қабілетіңізді сипаттайды

  • Әлемді өз көзімен нақты көріп, жеке  қабылдау көзқарастарын тудырады. 
  • Кеңістіктегі түстерді, сызықтарды, түрлерді және осы элементтердің арасындағы өзара байланыстарды  аса сезімталдықпен қабылдайды.  
  • Көру және кеңістіктік ойларды ойша көз алдына елестетіп, нақты кестедегі орналасқан жерлерді түсінеді.
  • Осы ақыл-ой  сенсомоторлы қабылдауды жетілдіру жолымен дамиды.
  • Суретші, мүсінші, сәулетші, бағбан, картограф, инженер және рәсімдеуші-суретші – бұлардың барлығы ойларындағы бейнелерді өздері құрған немесе өзгертілген заттармен ауыстырады.

9 - секция – сіздің ақындық қабілетіңізді сипаттайды

  • Өз ойларын мәнерлеп, қызықты өлең жолдарымен білдіруге қабілетті.
  • Тақпақтарды оқығанды жақсы көреді, және өзі еш қиындықсыз жалғастыра алады.
  • Өз жетістіктерін қоршаған ортаға айтуға талпынбайды, яғни өз құштарлығын басқалардан жасырады.
  • Сезімтал, эмоционалды, өкпешіл.

10 -секция – сіздің әртістік қабілетіңізді сипаттайды

  • Шешім қабылдауда ерекше, тәуелсіз.
  • Эмоционалды
  • Назарда болғанды ұнатады
  • Бейнеге еркін енеді
  • Қойылымдарға, концертке қатысқанды ұнатады.
  • Коммуникативті дағдылары жақсы дамыған.
  • Өнерді сүйеді.

11 -секция – сіздің аспаздық қабілетіңізді сипаттайды

  • Ас әзірлеуді ұнатады және одан ләззат алады .
  • Тағамды эстетикалық әрлеуді ұнатады.
  • Аспаздық бағдарламаларды көргенді ұнатады

12- секция – сіздің спорттық қабілетіңізді сипаттайды

  • Өте жылдам, белсенді және қуатты.
  • Көру-қозғалу үйлесімін жетік меңгерген.
  • Ептілікті, шапшаңдықты және төзімділік танытады.
  • Спорт әлемінде болып жатқан жаңалықтар мен оқиғаларға қызығушылық танытады.

13 -секция – сіздің математикалық және зерттеушілік қабілетіңізді сипаттайды

  • Санауды және санмен жұмыс істегенді жақсы көреді.
  • Математикалық есептердің шарттарын оңай түсінеді және оларды жылдам шешеді.
  • Логикалық есептерді және басқатырғыштарды шешуді, шахмат ойнағанды жақсы көреді.
  • Себеп-салдарлық байланыстарды жақсы ажыратады.
  • Зерттеушілік қызметпен айналысқанды  ұнатады.

       

 

Страница создана: 18.10.2021 11:02
Страница обновлена: 18.10.2021 11:02

Текст