"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫРЫҚ ҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫРЫК КУДЫК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылға арналған есеп

2023 жылда мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп

 

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылға арналған есеп

Жалпы ережелер

  1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысының білім басқармасының Степногрск қаласы бойынша білім бөлімі Қырық Құдық ауылының жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі»  Заңды мекенжайы: Степногорск қаласы,  Қырық құдық ауылы Ы.Алтынсарина көшесі 11.

 

   2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

 

  2023 оқу жылы Қырық Құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі - 5 мемлекеттік қызметті көрсетті;

Бір жылға мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны жалпы – 16;

Электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 12;

Қағаз түрінде көрсетілген   қызметтер саны – 4;

 

  Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

  1. Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

 

2. «Бастауыш, негізгі орта, білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау жәнеоқуға қабылдау» - 4;

 

3.«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру» - 3

 

4. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» -2;

 

5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі  білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру  ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға  бүліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» -5;

 

6. «Мемлекеттік білім беру мекемеліріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалуы үшін құжаттар қабылдау  және жолдама беру»

 

7. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»

8. «Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу кезегіне қою»;

9. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

 2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

     Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://qyrykkydyk.edu.kz/?fbclid=PAAaYdtX6HEAxTJyVA9OE2TVx69o03fMT99xHBORb5kkrpJx8UbV31VfVf1M4 білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған.

   Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

  1 ақпаннан 31 желтоқсан 2023 оқу жылында мемлекеттік қызметтерді қажет етуші жергілікті мекемелерден аталған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ешқандай шағымдар болған жоқ.

   Биылғы 2024 оқу жылында Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету түрлері қолжетімді және сапалы түрде іске асырылады.

http://qyrykkydyk.edu.kz/?fbclid=PAAaYdtX6HEAxTJyVA9OE2TVx69o03fMT99xHBORb5kkrpJx8UbV31VfVf1M4

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі, орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас басқармасының жүйесі жұмыс істейді, оларда 28 мемлекеттік

шығару туралы бұйрықтарды қабылдау; оқу бағдарламалары, журналдар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.

Мектебімізде мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

1) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

Жаңартылған күні: 29.02.2024 09:46
Құрылған күні: 04.03.2024 11:08

Текст