"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кырык кудык отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі.

                     5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі.

   Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға  бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды.Оқу жылының басында мектеп психологы  5 сынып оқушыларымен жұмыс жасады. Бесінші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімдеулерін, қалыптасу деңгейлерін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалынып, көмек көрсетілді. «Бесінші сынып дегеніміз не?», «Мен және менің отбасым»,«Біз және біздің сынып» атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.Треннингке 5 сынып оқушылары белсене қатысты.
 Оқушылардан «Оқушылардың оқу процесін адаптациялау» сауалнамасы алынып, жұмыс барысында он сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды. Зерттеуге бесінші сыныптардан жалпы 11оқушы қатысты. Зерттеу  нәтижесі төмендегідей деңгейде.Оқушылардан «Мектептегі мазасыздығын» анықтау тесті алынды.
 Қорыта келгенде оқушылардың оқу процесін адаптациялау барысында, бесінші сыныптардың оқу процесі екендігі анықталды.     Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ойлау деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, тілдік проблемаларын, ой-өрістерін және өз бетінше іздену қабілеттерін тексеруге бағытталған. Тест нәтижелері ата-аналар мен сынып жетекшісіне көрсетілді.

Сонымен қатар «5 сыныпта алғаш рет» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Бесінші сыныптардың бейімделуі туралы ата-аналар жиналысы.

 Оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға көшуі кезеңінде ұсынылатын психо-педагогикалық көмек мынадай болды:

Қобалжу  деңгейінің диагностикасы

1.     Филлипс тесті мектептегі қобалжу деңгейін анықтауға көмектеседі:

2.     - мектептегі жалпы қорқынышты;

3.     - әлеуметтік күйзелісті басынан өткізуді;

4.     - табысқа жету жолындағы фрустрация қажеттілігін;

5.     - өзін- өзі көрсету, байқату қорқынышын;

6.     - білімдерін тексеру жағдаяттарында кездесетін қорқынышты;

7.     - жан- жағында өзін қоршаған адамдардың ойынан шыға алмай қаламын деген қорқынышты;

8.     - күйзеліске физиологиялық қарсы тұрушылық күштің төмендігін;

9.     - мұғалімдермен келіспеушілікке түсіп қалуға деген қорқынышты;

 

 

ТІ меңгерушісі:            А.А.Бекмагамбетов

Страница создана: 08.02.2021 08:45
Страница обновлена: 08.02.2021 08:45

Текст