"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫРЫҚ ҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫРЫК КУДЫК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бракераж комиссиясы отырысының №5 ХАТТАМАСЫ

13.02.2023

№5 ХАТТАМАСЫ

Күні: 10.01.2023ж.

Қатысқандар:                                                                                                            Комиссия төрағасы Темирбек Ерболат

Комиссия мүшелері:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Зейне Алтын

Ата аналар комитетінің төрағасы -Айтуған Назгүл

Психолог педагог – Машан Света

Мектеп медбикесі - Нуртуған Бибугул

Күн тәртібінде:­­­­­­­­­

1.Жалпыға бірдей білім беру қорынан аталған санаттағы оқушыларды ыстық тамақ және қоғамдық тамақтандырумен қамтамасыз етуге байланысты жұмыстарды атқару қорытындысы, ата-ана мен оқушылардың шағымдарын қарау.

2.Тегін ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылардың тамақтануын қадағалау қорытындысы туралы

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зейне Алтан – Жалпыға бірдей білім беру қорынан аталған санаттағы оқушыларды ыстық тамақ және қоғамдық тамақтандырумен қамтамасыз етуге байланысты жұмыстарды атқару қорытындысы, ата-ана мен оқушылардың шағымдарын қарау.

Мектеп асханасының жұмысын тексеру барысында ыстық тамақтың сапасы белгіленген нормаға сәйкес орындалып жатқанын анықтадық. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан, толық емес отбасындағы, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін және жеңілдетілген ыстық тамақпен қамтылған. Жалпы қамтылған оқушылар саны – 43, демеуші есебінен тамақ ішетін оқушылар саны – 3.  Бұл оқушылар күнделікті белгіленген уақытта тамақтанып жүр.

Комиссия мүшелері асхана жұмысын тексере отырып, мына төмендегі жұмыстарды  тексеріп, бақылады. Тексіріс асхана залының жалпы тазалығын және оқушылардың қол жуатын орнын басталды. Асхананың іші таза. Сонымен қатар, асхананың ішкі бөлігі саналатын көкөніс сақтау, ет-сүт өнімдерін, су, ұн сақтайтын бөлмелер мен тоңазытқыштар түгелдей тексерілді. Аталған азық-түлік өнімдері талапқа сай, сертификаттары бар екендігі анықталды. Асхананың тамақ жасауға арналған плиталар мен ыдыстардың және ыдыс жууға арналған арнайы бөлменің де тазалағы тексерілді. 

    Асхана  қызметкерлерінің жеке медицианалық кітапшалары бар. Тамақ жасауға пайдаланатын заттарды алып келетін фирмалармен жасалған келісімшарттардың бар екендігі де тексерілді.

Мектеп асханасын зерделеу мақсатында аудандық комиссия мүшелерінің қорытындысына сәйкес мектеп асханасының сапалық құрамы, рецикулятордың болмауына және диспансердегі суды ауыстыруға байланысты байланысты ескертулер жасалды. Мектеп асханасының демеуші олқылықтардың орнын толтыруға байланысты жұмыс жүргізуге ұсыныстар айтылды.

Мектеп асханасында ата-аналар, ұстаздар, оқушылардың шағымы мен ұсыныстары үшін арыз-шағым дәптері және онлайн арыз-шағымды қабылдау платформасына сілтеме қойылған. Дегенмен, ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Ата-анамен сынып жетекшілер арқылы байланысып, ата-аналардың мектеп асханасындағы ыстық тамақ туралы кері байланыс алып отырмыз. Әзірге, баға-қанағаттанарлық.

 

2. Охай Айнур – Әлеумеиттік педагог. Тегін ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылардың тамақтануын қадағалау қорытындысы туралы Қаңтар айында оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту үшін ата-аналардан өтініш жиналды. Ол үшін мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде хабарландырулар берілді.

Қаңтар айында мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.

Қаңтар айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 43 құрады. Демеуші есебінен 3 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 15 болса, 5-9-11 сынып оқушыларының саны 28 құрайды.

 

Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы және бетперде тағу туралы белгілер, әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері, антисептиктер орнатылған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 3 уақытта ұйымдастырылды. Мысалы:

  5-7 сынып оқушылар үшін – 10 .5 -10.30 

1-4 сынып оқушылары үшін – 11.00-11.15

8-9 сынып оқушылары үшін – 12.00-12.15

Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы  әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың  алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама  жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.)  бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі.

 

  •  

Комиссия төрағасы Темирбек Ерболат

Комиссия мүшелері:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Зейне Алтын

Ата аналар комитетінің төрағасы -Айтуған Назгүл

Психолог педагог – Машан Света

Мектеп медбикесі - Нуртуған Бибугул



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.02.2023 10:16
Құрылған күні: 13.02.2023 10:16

Текст