№4 ХАТТАМАСЫ
Күні: 10.12.2023
Қатысқандар: Комиссия төрағасы Темирбек Ерболат
Комиссия мүшелері:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Зейне Алтын
Ата аналар комитетінің төрағасы -Айтуған Назгүл
Психолог педагог – Машан Света
Мектеп медбикесі - Нуртуған Бибугул
Күн тәртібінде:
Ыстық тамақтың сапасы мен құндылығын тексеру мақсатында әкімшілік кезекшілік кестесі құрылған. Күнделікті кезекші әкімші, мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог мектеп асханасын тексереді және төмендегі міндеттерді атқарады:
Тексеру нәтижесінде комиссия мүшелері асхана жұмысын тексере отырып, мына төмендегі жұмыстарды тексеріп, бақылады. Тексеріс асхана залының жалпы тазалығын және оқушылардың қол жуатын орнын басталды. Асхананың іші таза. Сонымен қатар, асхананың ішкі бөлігі саналатын көкөніс сақтау, ет-сүт өнімдерін, су, ұн сақтайтын бөлмелер мен тоңазытқыштар түгелдей тексерілді. Аталған азық-түлік өнімдері талапқа сай, сертификаттары бар екендігі анықталды. Асхананың тамақ жасауға арналған плиталар мен ыдыстардың және ыдыс жууға арналған арнайы бөлменің де тазалағы тексерілді.
Асхана қызметкерлерінің жеке медицианалық кітапшалары бар. Тамақ жасауға пайдаланатын заттарды алып келетін фирмалармен жасалған келісімшарттардың бар екендігі де тексерілді. Асханадағы тағамдардың бағалары нақтыланып көрсетілген. Комиссия мүшелері асханадан оқушы денсаулығына қауіпті заттардың сатылмауын қатаң түрде сақтау туралы ескерту айтылды. Комиссия мүшелері асхана жұмысын өз деңгейінде жүргізіліп жатқандығын тексерді.
Желтоқсан айында ыстық тамақ ішкен оқушылардың саны 42- ні құрады. Оның ішінде:
1-4 сынып оқушыларының саны – 14
5-9 сынып оқушыларының саны – 28 оқушы.
Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы және бетперде тағу туралы белгілер, әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері, антисептиктер орнатылған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 3 уақытта ұйымдастырылды.
5-7 сынып оқушылар үшін – 10 .5 -10.30
1-4 сынып оқушылары үшін – 11.00-11.15
8-9 сынып оқушылары үшін – 12.00-12.15
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі.
Қаңтар айынын бастап оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту үшін ата-аналардан өтініш жиналатын болады. Ол үшін мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде хабарландырулар берілді.
Қатысушылар:
Комиссия төрағасы Темирбек Ерболат
Комиссия мүшелері:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Зейне Алтын
Ата аналар комитетінің төрағасы -Айтуған Назгүл
Психолог педагог – Машан Света
Мектеп медбикесі - Нуртуған Бибугул