Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3) денсаулық жағдайы турлалы медициналық анықтама: № 065/у нысанды (егу картасы), № 026/у-3 нысанды (Бала денсаулығы паспорты);
4) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
5) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
6) ата-аналардың (немесе басқа заңды өкілдердің) ЭЦҚ-лы.
*Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі
Мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта алуға тілек білдірген азаматтар үшін - мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды!
Қабылдау күні: дүйсенбі-жұма сағат ішінде 9.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.
Анықтама телефоны: 4-56-01