Хаттама № 3
жалпы ата-аналар жиналысы
06.01.2022 ж.
Тақырыбы: "ІІ тоқсан қорытындысы".
Жиналысты өткізу нысаны: Қашықтағы формат, платформада Zoom.
Қатысқандар: 34 адам.
Қатыспағандар: 21 адам.
Күн тәртібі:
КОВИД-19 пандемиясы кезінде "Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің ІІ тоқсан бойынша оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы ерекшеліктері туралы.
Баяндамашы - " Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ директоры Бекмагамбетов Азат Амангелдіұлы.
«Оқу процессінің ІІ тоқсан бойынша қорытындысы»
Баяндамашы- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгисова Салтанат Ермековна.
«Бала және оның құқығы»
Баяндамашы- педагог-психолог Машан Света
Әртүрлі.
Тыңдалды:
1. Бірінші сұрақ бойынша: " Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ директоры Бекмагамбетов Азат Амангелдіұлы сөз сөйледі. Ол КОВИД-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты "Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де оқу-тәрбие процесі келесі санитарлық нормаларды сақтау арқылы ұйымдастырылатынын хабарлады:
* күн сайын мектептің медицина қызметкері қызметкерлер мен оқушыларды сүзгіден өткізілді. Коронавирустық инфекция белгілері анықталған кезде медицина қызметкері қызметкерді немесе оқушыны ауылдың медициналық пунктіне жіберілді.
* оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында Мектепке бөгде адамдардың келуіне жол берілмеді.
* кабинет жүйесі жойылады. Әр сыныпқа жеке кабинет бекітілген. Оқушыны кабинетке ауыстыруға тыйым салынды.
* әр сынып үшін жеке қоңырау кестесі болды.
* Маска режимі барлығына міндеттелді. Масканы әр 2 сағат сайын ауыстырылып отырды. Әр оқушы мен қызметкерлерде кемінде екі маскадан болды. Оқушылар масканы ұмытып кеткен жағдайларда медицина қызметкері бір реттік маскамен қамтамасыз етіліп отырды.
2. Екінші сұрақ бойынша: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгисова Салтанат Ермековна тыңдалды. Салтанат Ермековна ІІ тоқсан бойынша атқарылған оқу ісінің жұмыстарын ата-аналармен таныстырды. Оқушылардың жетістіктері мен оқу үлгерімі қорытындысымен таныстырды.
3. Үшінші мәселе бойынша: «Бала және оның құқығы» баяндамасымен мектеп педагог-психологы Машан Света тыңдалды.
4. Төртінші мәселе бойынша: Алда келе жатқан аяздарда оқушылардың оқу процессі қалай ұйымдастырылуы. " Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ директоры Бекмагамбетов Азат Амангелдіұлы мектепте оқушыларды ноутбуктармен қамтамасыз ету жағынан ешқандай кедергі жоқ екенін айтып өтті. Сонымен қатар егерде қашықтық форматта оқуға көшсек мектеп қажет болған оқушыларды ноутбуктармен қамтамасыз ете алатынын айтты
Шешім:
1. " Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ директоры Бекмагамбетов Азат Амангелдіұлының оқыған баяндамасындағы режимдік сәттер және балалар денсаулығы қауіпсіздігінің шаралары ІІІ тоқсандада назардан қалмасын.
2. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгисова Салтанат Ермековнаға оқушылардың оқу сапасын ІІ тоқсандада жіті назарда болсын
3. Қашықтық форматта оқуға көшсек мектеп қажет болған оқушыларды ноутбуктармен қамтамасыз етеді