"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫРЫҚ ҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫРЫК КУДЫК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тыйым салынған өнімдер тізімі

15.10.2021

Тыйым салынған өнімдер тізімі

119. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:

1) қатық, сүзбе, айранды;

– туралған ет қосылған құймақтарды;

– флотша макаронды; 

– зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;

– кремі бар кондитерлік өнімдерді;

– тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);

– морстар, квастарды;

– фритюрде қуырылған өнімдерді;

– шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;

– күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

 – окрошканы;

 – саңырауқұлақтарды;

 – өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;

  – тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

 – газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);

– фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;

– ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;

2) мыналарды:

   – пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;

  – суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

 – ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;

– тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;

– механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;

– құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;

– сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;

– генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;

– йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.10.2021 10:43
Құрылған күні: 15.10.2021 10:43

Текст